-A A +A

Батыс Қазақстан облысының нормашығармашылық саласының өзекті мәселелері

2017 жылдың 2 қараша күні Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде Департамент басшысының орынбасары Озбекова Арай Жумагазыевнаның төрағалық етуімен, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы М.К.Садыков, БҚО Әділет департаментінің қызметкерлері, әкім аппараты басшысының орынбасары Е.Ә.Ақласов, жергілікті атқарушы және өкілді органдар аппараттарының басшыларының қатысуымен «Батыс Қазақстан облысының нормашығармашылық саласының өзекті мәселелері және ҚР өзгерістер еңгізілген заңдарына түсініктеме беру туралы» атты тақырыпта семинар-кеңес өткізілді.
Семинардың басты мақсаты - облыста нормашығармашылық сапасын жақсарту, жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен нормативтік құқықтық актілерді қабылдағанда бірыңғай тәжірибе қолдануды талқылау, ҚР заңңамалық актілеріне сәйкес болуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және тіркеу кезінде жергілікті атқарушы және өкілді органдардың әділет органдарымен тығыз байланыста болуы қажет екені айтылды.
Семинар барысында Батыс Қазақстан облысының нормашығармашылық саласындағы өзекті мәселері және ҚР өзгерістер енгізілген заңдары, нормативтік құқықтық актілерді сапалы дайындау жөнінде, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу талқыланды.
 
Батыс Қазақстан облысы
Әділет департаментінің баспасөз қызметі