-A A +A

Басты мақсат - атқарушылық өндірістің міндетті және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету

Сот актілерінің, сондай-ақ, заңмен көзделген жағдайларда басқа органдардың шешімдері мен қаулыларының міндетті және уақытылы орындалуы бойынша атқарушылық өндірістің міндеттерін іске асыру мақсатында жеке және мемлекеттік сот орындаушылардың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында атқарушылық өндірістеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері және олардың уақытылы орындалмау себептері талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша сот орындаушыларына Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу, алименттерді өндіру, мемлекет пайдасына өндіруді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлетіп орындауға бағытталған шараларды қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі