Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Әкімшілік құқық бұзушылық заңнаманы ізгілендіру және жетілдіру туралы

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізутуралы» Заңының жобасы әкімшілік-деликтілік заңнаманы ізгілендіруге және жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасы әкімшілік-деликтілік заңнаманы:
– ескерту институтын кеңейту, сондай-ақ санкция мөлшерлерін азайту және жеті күндік мерзімде төлеген жағдайда айыппұл мөлшерін 50%-ға дейін азайтуға мүмкіндік беретін институттын кеңейту;
– әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірістің жекелеген институттарын жетілдіру;
– жоғары тұрған мемлекеттік органның (лауазымды тұлғаның) және сот инстанциясының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау және шағымдану рәсімдерін ӘҚБтК-ның жекелеген тарауларымен реттеуден тұратын әкімшілік-процессуалдық нормаларды жүйелендіру арқылы жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасы түзетулерінің 61%, 158 құрам бойынша айыппұлды төмендету, 38 құрам бойынша ескерту институтын кеңейту, 150 құрам бойынша ізгілендіру пайдасына жазалар түрлерін қайта қарауға бағытталған.
Заң жобаcын Парламент Мәжілісінде қарау барысында төменгі Палата депутаттары бірқатар түзетулер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің осындай құрамдарына өзгерістерді көздейтін заң жобаларына ауыстырылды. Құқық бұзушылықтың елеусіз болуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату институтын қалпына келтіру ұсынылды.
Кодекстің негізгі қолданушылары ол 64 уәкілетті мемлекеттік орган. Осыған байланысты, заң жобасы шеңберіндегі әрбір түзету бойынша шешім, мемлекеттік органдардың ұстанымдары мен ұсыныстарын ескере отырып, олармен бірлесіп қабылданды.
Әділет министрлігі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 100астам отырысын өткізді. Онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске 1200 астам түзету қаралып, олардың 472 ғана қабылданды.
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91