-A A +A

Баспасөз релизі. Қазақстандықтар еліміздің үздік өнертапқыштарын таңдады

10 қарашада Назарбаев Университетінде «Шапағат» Республикалық сайысының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
Жеңімпаздар 3 республикалық сайыстың қорытындысы бойынша анықталды: «Шапағат» өнертапқыштары онлайн-сайысы; көлік саласындағы мектеп оқушылары арасындағы сайыс пен «Болашақ сенің қолыңда: ойлап шығар және жаса!» үздік эссе үшін оқушылар арасындағы сайыс.
  
Көлік саласындағы мектеп оқушылары арасында бірінші жарыс Назарбаев Университетінде ағымдағы жылдың 20 - 22 маусымында өткізілді. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 80 мектеп оқушылары қатысты. Осы сайыстың қорытындысы бойынша финалға 40 қатысушы өтті.
Іс-шараны ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Cranfield университетімен (Ұлыбритания) бірлесіп ұйымдастырды.
Тамыз айында 40 финалға қатысушылар Ұлыбританиядағы Cranfield университетіне бір апталық оқу-білім сапары шеңберінде барды.
 
Көлік саласындағы мектеп оқушылары арасындағы Республикалық сайыстың жеңімпаздары
 
   

Өңір

Жеңімпаздар

Оқу орны

  1.  

Астана қ.

1. Қалиев Мағжан

№48 мектеп лицейі

2. Жағыпарова Әлия

№4 мектеп гимназиясы

3. Күншығарова Нұрсила

№72 маман-ған мектеп лицейі

4. Сұлтан Алихан

№58 маман-ған мектеп лицейі

  1.  

Ақтөбе обласы

1. Ахметов Мирас

2. Жанабай Иса

Ақтөбе облысының «Білім-инновация» Дарынды балаларға арналған мектебі

3. Қами Нұр

4. Ибраев Асланбек

№ 21 мектеп гимназиясы

Барлық ақпарат, оның ішінде сайыстың фоторепортаждарын «Шапағат» форумының http://shapagat.kazpatent.kz/ru сайтынан алуға болады.
 
Айта кету керек, осындай форматтағы сайыстарты тұрақты негізде, әлемнің үздік оқу орындарын серіктестер ретінде тарту арқылы өткізу жоспарлануда.
 
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Халықаралық зияткерлік меншік күні «Шапағат» өнертапқыштарының екінші Республикалық онлайн-сайысы басталды. 15 қазанға дейін қатысушылар патенттелген өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер туралы, оның ішінде жаңалық, өнертабыстың өзектілігі, әлеуметтік маңызы, өтелімділігі, табыстылығы, мақсатты аудиториясы, құрылған немесе құрылатын жұмыс орындарының саны және т.б туралы бейнероликтерін жіберді.
 
Жүлделі орындар халықтың онлайн-дауыс беруі арқылы үлестірілді. Сайыстың қорытындысы 2017 жылдың 16 қазанында жарияланды. Сайысқа 32 ғылым саласынан өнертабыстармен 115 бейнероликтер түсті. Ең көп дауыс жинаған 10 өнертапқыш жеңімпаз деп танылды.
 
Толығырақ http://shapagat.kazpatent.kz/ru.
 
 «Шапағат» өнертапқыштары республикалық онлайн-сайысының жеңімпаздары
 
п/п
Аты-жөні
Өнертабыс атауы
Дауыстар
саны
Сала
Өңір
1
Джусипбеков Умирзак
Микроэлементтермен кешенді тыңайтқыш алу әдісі
6618
Ауыл шаруашылығы
Алматы
2
Булатов Нуржан; Нурушев Бостан
Биогаз қондырғысы
6413
Механика
Көкшетау
3
Алимханова Роза
Балалардағы аяқ пішіні өзгерудің буын кемістіктерін емдеуге арналған тартқыш құрылғы
5962
Медицина
Қарағанды
4
Покусов Виктор
Дербес компьютер
5016
IT-технология
Алматы
5
Джусипбеков Умирзак
Мұнаймен ластанған топырақты тазарту тәсілі
4534
Мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі
Алматы
6
Покусов Виктор
Компьютерлік жабдықты салқындату жүйесі
3755
IT-технология
Алматы
7
Алтайулы Сагымбек
Ашымалы сүт өнімдерін өндіру әдісі
2287
Тамақ өнеркәсібі
Астана
8
"Микробиология және вирусология институты" ШЖҚ РМК
Өсімдік текті «вироспан» композиттік вирусқа қарсы дәрі
2215
Фармацевтика
Алматы
9
 Бектенов Несипхан;
Топырақты бетон қоспасы
1413
Құрылыс
Алматы
10
Буркеев Мейрам
Наноөлшемді никель негізіндегі каталитикалық жүйелерді және полипропиленгликольмалеинатының акрил қышқылымен сополимерлерді алу әдісі
770
Химия
Қарағанды
 
«Болашақ сенің қолыңда: ойлап шығар және жаса!» үздік эссе үшін мектеп оқушылары арасындағы үшінші Республикалық сайыс та 2017 жылдың 26 сәуірінде басталды. Байқаудың мақсаты оқушылар арасында шығармашылық қызметті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді тарату және дәріптеу, жас ұрпаққа патенттік мәдениет негіздерін оқыту болып табылады. Бұл байқауға 8-11 сынып жас санатында 190 мектеп оқушылары қатысты. 16 қазанда сайыстың қорытындысы шығарылды. Комиссия мүшелері онлайн-дауыс беру шешімі бойынша 5 оқушы арасында жүлделі орындарды үлестірді.
 
 «Болашақ сенің қолыңда: ойлап шығар және жаса!» үздік эссе үшін мектеп оқушылары арасындағы Республикалық онлайн-сайысының жеңімпаздары
 

Сайыс нәтижесі

Жеңімпаз

Өңір

Оқу орны

 

I орын

Әлімбай Әзиз

 

Шымкент қ., Оңтүстік Қазақстан облысы

 

Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектептері Шымкент қ.

 

II орын

Құланов Алмас

Астана қ.

№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

Ашиков Аят

 

Федосеевка а., Әулиекөл ауданы, Қостанай облысы

Әулиекөл ауданы әкімдігінің Федосеевка білім беру бөлімінің бас мектебі

 

III орын

Кун Расул

Маралды а., Павлодар ауданы, Павлодар облысы

Павлодар облысының Маралды орта мектебі

Алпусова Дана

 

Костанай қ., Қостанай облысы

№ 3 мектеп гимназиясы

Сондай-ақ, Әділет министрлігі «ҰЗМИ» РМК-мен өнертапқыштарға өнертабыстарын өз бетімен алға бастыруға, қосымша ақпаратты орналастыруға, өз өнертабыстарын өндіріске енгізу үшін бизнес серіктестерді іздеуге мүмкіндік беретін Өнертабыстар жәрмеңкесін іске қосты. Өз кезегінде әлеуетті инвесторлар жәрмеңкеге қойылған өнертабыстарға қол жеткізе алады. Іс-шараны ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Назарбаев университетімен бірлесіп ұйымдастырды.
«Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық Сайысы 2004 жылдан бастап өнертапқыштық қызметті дамыту және қолдау, зияткерлік меншік рөлін, өнертапқыштық қызмет туралы халықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыру және перспективалық өнертабыстарды ілгерілетуге жәрдемдесу мақсатында өткізіледі. Биылғы жылы «Шапағат» сайысы жаңа форматта өтті. Сайысты өткізу жылдарында тұңғыш рет жеңімпаздарды комиссия емес, қазақстандықтардың өздері онлайн-дауыс беру режимінде таңдады. Өнертапқыштар өнертабыстар туралы бейнероликтер жіберді. 
 
ҚР Әділет министрлігінің
Баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91