-A A +A

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ – Қазақстанда Төрелік палатасы құрылды

В Астане создали Арбитражную палату Казахстана
Бүгін Астана қаласында Қазақстанның Төрелік палатасы құрылды. Әділет министрлігі қабырғасында палатаның алғашқы құрылтай съезі өтті. Жаңа қоғамдық ұйым төрешілер мен тұрақты әрекет ететін төреліктерді біріктіруге негізделген. Съезд барысында төрелік қоғамдастықтың өкілдерімен әзірленіп келісілген Жарғы мен Құрылтай шарты қабылданып, сондай-ақ Палатаның басқарма органдарының құрамы анықталды.
Қазақстанның төрелік палатасы халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізеді, заң шығарушылық қызметпен айналысады және палата мүшелерінің біліктілігін арттыратын болады. Қазақстандықтар дауларды сотқа дейін шешудің тиімді құралы туралы толығырақ ақпарат ала алады, осылайша бұл ел ішінде төрелік жүйесін құқықтарды және әділдікті қалпына келтірудің заманауи әдісі ретінде таратуға өз септігін тигізеді. Өз кезегінде, берілген үрдіс соттардың жүктемесін айтарлықтай азайтады.
Құрылған жаңа қоғамдық күш төрелік соттарды дамытып, олардың мемлекеттік және халықаралық деңгейлердегі мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді.
Палатаның құрылысымен Отандық төрелік сот институттары жаңа даму сатысына көтеріледі және ел ішіндегі, сондай-ақ шетелдегі төреліктердің мүдделерін қорғайтын болады.
2016 жылғы 30 қараша отандық тарих жазбаларына жоғары әлеуетті төрелік қозғалысының, яғни, Қазақстанның Төрелік палатасының құрылу күні ретінде енетін болады.
 
ҚР Әділет Министрлігінің
Баспасөз қызметі