-A A +A

Баспасөз релизі «Адвокаттық қызмет туралы» жаңа заң адвокаттардың үстінен бақылау тетігі болмайды

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекет Әділет министрлігі тарапынан адвокатура институтына араласуда деген пікір-талас жалғасуда.
Адвокат қоғамдастығы министрлікті адвокатураны реттеуді күшейтуде  олардың тәуелсіздігін бұзуда деп кінәлауда.
Шын мәнінде жағдай қалай? Құр сөзбен айтпау үшін «Адвокаттық қызмет туралы»  қолданыстағы заң мен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын оқып, нормаларын салыстырайық.
«Адвокаттық қызмет туралы» қолданыстағы заң бойынша Әділет министрлігі адвокаттарға қатысты 4 құзыретке ие. Олар емтиханға жіберу кезіндегі аттестаттау тәртібін, тағылымдамадан өту тәртібін, адвокат куәлігінің нысанын, адвокаттар көрсететін заңгерлік көмек туралы статистикалық мәліметтердің нысанын бекіту.
 Республикалық адвокаттар алқасы өз жарғысын, этикалық кодексін, адвокаттарды аттестаттау тәртібі туралы ережені, конференциялар регламентін бекітеді. Барлығы 4 құзыретке ие. Демек тепе-тең.
Жаңа Заң жобасында әзірлеуші не ұсынады?
Әділет министрлігіне 4 құзырет беріледі, оның 2-еуі жаңа құзыреттер (сақтандыру үлгілік шартын және заң кеңесшілері мен РАА палаталарына тексеру жүргізу тәртібін бекіту). Мұның орнына екі құзырет - адвокат куәлігінің нысанын, тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту Республикалық адвокаттар алқасына беріледі. Екі құзырет Әділетминінде қалады - емтиханға жіберу кезіндегі аттестаттау тәртібін, адвокаттар көрсететін заңгерлік көмек туралы статистикалық мәліметтердің нысанын бекіту.
Енді Республикалық адвокаттар алқасы туралы.
РАА-на  бұрынғы 4 құзыретке қосымша 14 жаңа құзырет қосылады, оның екеуі Әділетминінен адвокат куәлігінің нысанын, тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту.   
 Жаңа функциялар мыналар:   
заңгерлік көмек көрсету стандарттарын
заңгерлік көмек көрсету сапасының өлшемдерін  
ақы төлеудің тарифтік сеткасын  
адвокат мантиясының нысанын
адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібін
 адвокаттық сауалдың нысанын
әлеуметтік заңгерлік көмек көрсету көлемі мен тәртібін
адвокаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында өзін-өзі ұстау ережесін
адвокаттардың тәртіптік комиссиялары туралы ережені;
адвокатураның тәртіптік комиссиялары туралы ережені;
адвокаттарды істердің санаттары бойынша мамандандыруды анықтау тәртібін бекіту.
Осылайша, Әділетминінде 4 құзырет, Республикалық адвокаттар алқасында 18 құзырет болады.
Қолданыстағы заң мен Заң жобасын талдау бір ғана қорытындыға әкеп соғады. Адвокатурада РАА мәні артып, ал Әділетминінің рөлі азаяды.
Жаңа 8 функцияның адвокатура институтының қалыптасуында маңызы зор екендігін ескере отырып, оны уәкілетті органмен келісу тетігі ұсынылады.
 
 
ҚР Әділетминінің баспасөз қызметі