-A A +A

Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы», «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы», «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №605 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрықтарының жобаларын әзірледі.
Аталған нормативтік құқықтық актілер жеке сот орындаушыларының институтын жетілдіруге бағытталған және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өту және лицензия алу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетулерді қарастырады.
Жобалар мемлекеттік қызмет алушылармен мемлекеттік қызмет көрсетулерді және олардың нәтижелерін бірыңғайwww.egov.kz. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуды көздейді.