-A A +A

Баспасөз релизі

2017 жылғы 12 желотоқсанда 2017 – 2019 жылдарға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспары шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезендік шолу ұсынымдарын іске асыру барысын талқылау бойынша жәнеҚазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірге «Қазақстан Республикасының ұлттық құқық қорғау механизмдерін жетілдіру және халықаралық міндеттемелерін тиімді іске асыру: Екінші саты» дөңгелек үстелі өтті.
 
 
Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Еуропа Одақ Өкілдігі, БҰҰДБ, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы және «Адам құқықтары Хартиясы» қоғамдық қоры табылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еуропа Одақ Өкілдігі, БҰҰДБ, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, Жоғарғы сот, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері, дипломатиялық өкілдіктер басшылары және Грузия мен Швейцария мемлекетінің халықаралық сарапшылары қатысты.
Отырыстың нәтижесінде әмбебап кезеңдік шолу ұсынымдарын әрі қарай іске асырудағы өзара әрекеттестік бойынша ұсыныстар жасалды.