Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

Баспасөз релизі

Ағымдағы жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды.
Заң жобалары бағалау қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, оны «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң нормаларына сәйкес келтіруге, мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілерді негізгі заң жобасының нормаларына сәйкес келтіруге бағытталған.
Оған қоса, заң жобалары шеңберінде бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды Қаржы министрлігіне беру жөніндегі шаралар көзделген.
Заң жобасын қабылдау бағалау қызметі саласында өзін-өзі реттеудің дамуына және мемлекеттік бақылаудың қысқаруына, тұтынушылардың құқықтарын, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, бағалау қызметі субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бағалау қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге жәрдемдесетін болады.
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91