-A A +A

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама институтымен бірлесе отырып, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалары офисінің қолдауымен «Құқықтық мемлекет құру процесінде жеке адам құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбындағы Н.А. Шәйкеновтің 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты – адам құқықтарына қатысты ұлттық заңнамасы мен құқық шығармашылық процесін жетілдірудің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау, ғылыми қорытындылармен, зерттеу және халықаралық тәжірибемен алмасу.
Конференция жұмысына Конституциялық Кеңестің, Парламент Мәжілісінің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің, мемлекеттiк органдардың, халықаралық және ұлттық үкiметтiк емес ұйымдардың, Қазақстанның және шетелдік ғылыми бiрлестiктердің өкілдері, сондай-ақ, Н.А. Шәйкеновтің туыстары мен дос-серіктестері қатысты.
Конференцияға қатысу үшін барлығы 150-ге жуық адам тіркелді.
Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері баяндамамен сөз сөйледі. Орал мемлекеттік заң университетінің Президенті, з.ғ.д., профессоры Виктор Дмитриевич Перевалов адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру конституциялық кепілдіктер туралы баяндамамен сөз сөйледі. Баяндамада құқықтық нормаларда бекітілген кепілдіктер, сондай-ақ, адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға бағытталған мемлекет жасаған жағдайлар қарастырылды.
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының, еуропалық құқық кафедрасының доценті Рустам Альбертович Касьянов адам құқықтарымен өңірлік қаржылық ықпалдасудың өзара байланысы мәселелері бойынша қысқаша экскурс өткізді.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясы прокуратурасының құрметті қызметкері, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері Зуфар Нуруллинович Сафин Н.А. Шәйкеновтің дос-серіктесі ретінде оның өмірі мен кәсіби қызметінің қызықты сәттерін еске алып, сөз сөйледі.
Қазақстандық ғалымдар ішінен баяндама жасады Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессоры Кабдулсамих Кошекұлы Айтхожин, ол қолданыстағы құқық нормаларын түсіндіру тұрғысынан адам құқықтары мағынасына ерекше назар аударды, Каспий университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебінің профессоры, Заңнама институтының ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцет Алипаша Агаханович Караев жеке тұлға, қоғам және мемлекет мүдделерін қамтамасыз ету аса маңызды шарттары ретінде азаматтардың саяси құқықтарын қорғау мәселелерін қарастырды.
Конференция барысында адам құқықтары саласындағы білім беруді дамыту перспективалары, құқықтық оқытудың халықаралық нормалар мен ұлттық заңнама аясында құқықтық мемлекет құруға және адам құқықтарын құқықтық қорғауға әсер ету мәселелері талқыланды
Конференция қорытындысы бойынша конструктивті ұсыныстар әзірленді, оларды іске асыру үшін мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ жолданатын болады.
 
ҚР Әділетминінің баспасөз-қызметі, тел./факс: 74-06-01, 74-06-02
веб-сайт: http://www.adilet.gov.kz
электронный адрес: press@minjust.kz
 
ҚР Заңнама институтытел./факс: 74-14-11, 74-14-28
веб-сайт: http://www.iz.adilet.gov.kz
әлеуметтік желілер:
www.facebook.com/Институт-законодательства-РК
twitter.com/Zan_institute