-A A +A

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ ҚР Әділет министрлігі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау кезінде өрескел бұзушылық фактілерін анықтады

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес адвокатқа құқықтық көмек көрсеткені үшін төлем адвокаттардың төлемдер туралы өтініштері негізінде әділет органдарымен бюджеттік қаражат есебінен қамтамасыз етіледі.
Әділет органдары адвокаттарға еңбекақы төлеген кезде соттарда қарастырылатын қылмыстық істер бойынша заңнаманы өрескел бұзушылығы анықталды.
Осылайша, Алматы қаласының үш адвокатына, олардың өтініштері негізінде, тоғыз күдіктіге заңгерлік көмек көрсеткені үшін бюджет қаражаты есебінен төлем жасалды. Сонымен бірге, іс жүзінде заңгерлік көмек көрсету кезінде адвокаттар елден тыс жерде болды.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында екі адвокат ұсынылған өтініштерге сәйкес екі түрлі жерде болған және бір уақытта бірнеше адамның мүддесін қорғап отырды.
Бұл фактілер адвокаттардың қолданыстағы заңнама мен олардың кәсіби этикасын өрескел бұзғандығын куәландырады. Нәтижесінде, азаматтар мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек алу құқығынан айырылды және адвокаттар тарапынан тиісті қорғаусыз қалды.
Осыған байланысты ҚР Әділет министрлігі сот органдарында адвокаттардың лицензияларының қызметін тоқтату туралы талап-арыздарды бастады.
«Азаматтардың мүдделерін сотта қорғалушылардың өмірін бірінші орынға қойған адал және кәсіби мамандар ұсынуы керек. Бұл сипаттағы бұзушылықтар адвокаттық қызмет саласындағы реформалардың қажеттілігін дәлелдейді», - деді ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов.
Айта кету керек, адвокаттар алқасының төралқалары әрқашан адвокаттарды жауапкершілікке жеткізбейді. Осылайша, соңғы 2,5 жыл ішінде адвокаттардың әрекеттеріне 553 шағым түсті. Адвокаттарға қатысты 261 тәртіптік іс жүргізуден адвокаттар алқасының төралқаларымен 109 адвокат тартылды. 305 іс бойынша төралқалармен адвокаттың іс-әрекеттерінде адвокаттық қызмет туралы заң нормалары бұзылған жоқ деген қорытынды шығарылды.
Алматы қаласының Алатау сотында 10 қазан күні сағат 15:30 сот отырысы өткізіледі, оның барысында адвокат Оразхан Анарбаевтың лицензиясын тоқтату туралы ҚР Әділет министрлігінің талап арызы қаралатын болады.
Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокат атына берілген адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясын тоқтату туралы ұсыныспен өтінішке негіз болған өзінің кәсіби міндеттерін атқару, ұйымдастыру қағидасы және адвокаттық қызмет барысында адвокаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел бұзуы.