-A A +A

«Балаға мейірімді Қазақстан» тақырыбында халықаралық конференция өтті

Бүкіләлемдік балалар күніне орай 2017 жылғы 20-21 қарашада «Балаға мейірімді Қазақстан» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Конференция шеңберінде 2017 жылғы 21 қарашада Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп «Бала мен Заң» (№ 1), «Бала мен оның құқықтары: кемсітпеушілік» (№ 2), «Бала және зорлық-зомбылықпен күрес» диалогтық алаңдар отырыстарын өткізді.
Іс-шарада Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл, БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті төрайымы, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл, ішкі істер, ақпарат және коммуникация министрліктері, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша Адам құқықтары жөніндегі Жоғары Комиссары Басқармасы, Қазақстандағы БҰҰ Бала қорының өкілдігі (ЮНИСЕФ), сондай-ақ, «Шәйкенов Оқушылары Қауымдастығы» ҚҰ, «Право» ҚҚ, «Мой дом» даму және халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталығы» ҚҰ, «Қорғау Астана» ЖҚ тәрізді үкіметтік емес ұйымдар спикерлер ретінде және т.б. қатысты.
Құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл, Парламенті Мәжілісінің депутаты З.Я. Балиева, БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті төрайымы Р. Винтер, БҰҰ Бала қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі төрағасы Ю. Оксамитный сөйледі. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл, заңмен қарама-қайшылықтағы балалар, мектептердегі құқықтық білім беру, БАҚ бала құқықтарын қорғауды жетілдіру, туу туралы куәліктің және тіркеудің кейбір бала құқықтарын жүзеге асыруға тигізетін әсері туралы ұсыныстармен мемлекеттік органдар өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
Сонымен қатар, әрбір диалогтық алаң бойынша Қазақстанның әр түрлі аймақтарының мектеп оқушылары өздерінің жүйелі ұсыныстары мен ойларын білдірді.
Отырыстың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына бала құқықтарын қорғау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынымдары қабылданды.