-A A +A

Бала тууды, өлімді тіркеу, сондай-ақ некені бұзу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі үш сағаттан созылмайтын болады

Азаматтарға тиімді және қолжетімді қызмет көрсету жүйесін құру мақсатында а.ж.1 шілдесінен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы азаматтық хал актілерін тіркеу бағыты бойынша төрт мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылған.  

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – Мемлекеттік корпорация арқылы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша кейбір функциялардың іске асыруын анықтау болып табылады.

Пилоттық жоба аясында бала тууы, өлім, некені бұзу (ерлі-зайыптылық), атын, әкесінің атын, тегін өзгерту, азаматтық хал актілерінің тіркеуіне өзгерістер, толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету Астана қаласының № 1 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті (бұдан әрі - Орталық) арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте бала тууды, өлімді тіркеу, сондай-ақ некені бұзу (сот шешімі арқылы) бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі үш сағаттан созылмайтын болады. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерту, азаматтық хал актілерінің тіркеуіне өзгерістер, толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша мемлекеттік қызметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес көрсетіліп отырады.

Құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация Орталығының кеңсе қызметкерлерімен жалпы «электронды» кезек түрінде дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, түскі ас үзілісінсіз, демалыс және мереке күндерінен басқа, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Сағат 17.00 кейін жүгінген қызмет алушылардың өтініштерін қабылдау жалпыға ортақ «электронды» кезек түрінде Орталықтың кеңсе қызметкерлерімен жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету келесі күні сағат 12.00 дейін жүзеге асырылады.

Сенбі күні жүгінген қызмет алушылардың өтініштерін қабылдау жалпыға ортақ «электронды» кезек түрінде Орталықтың кеңсе қызметкерлерімен жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету келесі күні сағат 12.00 дейін жүзеге асырылады.