-A A +A

БАҚ НАЗАРЫНА! «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

4 тамыз сағат 11:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі.
Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Отырыс барысында 2 заң жобасын қарастыру көзделген:
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы – ҚР Парламент депутаттарының тобы, баяндамашы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев, қосымша баяндамашы – Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Арын Өрсариев)
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй
құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы– ҚР Парламент Мәжілісі депутатарының тобы)
Сондай-ақ, отырыс барысында 4 заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру көзделген:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы –Мәдениет және спорт вице-министрі Аскар Баталов);
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі)
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі)
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды реттеу саласындағы экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»(әзірлеуші - ҚР Энергетика министрлігі)
 
Өткізу орны: Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі,13 кіреберіс, 10 қабат, 1056.
Журналистерді тіркеу 4 тамыз сағат 9:30-ға дейін жүргізіледі.
 
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91