-A A +A

БАҚ НАЗАРЫНА «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

9 маусым сағат 15:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Ведомствоаралық комиссияның отырысында 3 заң жобасының тұжырымдамасын, сондай-ақ Үкіметтің қаулы жобасын қарастыру көзделген:
1. «Жеке детективтік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке детективтік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарының жобаларын Парламент Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы» Үкіметінің қаулы жобасы(әзірлеуші – ҚР Әділет министрлігі)
2. «ҚазақстанРеспубликасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы (әзірлеуші – ҚР Әділет министрлігі)
3. «ҚазақстанРеспубликасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы(әзірлеуші – ҚР
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі).
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы (әзірлеуші – ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі).
 
Өткізу орны: Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі,13 кіреберіс, 10 қабат, 1056.
Журналистерді тіркеу 9 маусым сағат 12:30-ға дейін жүргізіледі.
 
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91
pressgov@mail.ru