-A A +A

БАҚ назарына! «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

5 мамыр сағат 15:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Ведомствоаралық комиссияның отырысында 2 заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру көзделген:
1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қызметінің мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Ұлттық экономика министрлігі)
2. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ҚР Қаржы министрлігі).
 
Өткізу орны: Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі,13 кіреберіс, 10 қабат, 1056.
Журналистерді тіркеу 5 мамыр сағат 13:00-ге дейін жүргізіледі.
 
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91
pressgov@mail.ru