-A A +A

БАҚ НАЗАРЫНА «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

21 сәуір сағат 15:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Ведомствоаралық комиссияның отырысында 2 заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру көзделген:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»(әзірлеуші – ҚР Бас прокуратурасы)
2. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру(әзірлеуші – ҚР Қорғаныс министрлігі).
 
Өткізу орны: Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі,13 кіреберіс, 10 қабат, 1056.
Журналистерді тіркеу 21 сәуір сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі.
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91
pressgov@mail.ru