-A A +A

Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша бейнеконференция өтті

2017 жылғы 12 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерді тіркеу мен апостилдеуді бақылау және қамтамасыз ету бөлімі азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша міндеттерді жүзеге асыратын, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде бейнеконференция өткізді.
Іс-шара барысында, құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмаларды жолдау кезінде Халықаралық Конвенцияның талаптарын сақтауы және сапасы, азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы жергілікті атқарушы органдардың атқарушы тәртібі талқыланды, отбасы құндылықтарын нығайту және отбасы мен некені насихаттау бойынша жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін іс-шаралар талқыланды.
Кездесудің қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі