-A A +A

Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жоба

 
2017 жылғы 17 шілдеден бастап бірыңғай халыққа қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Бірыңғай халыққа қызмет көрсету орталығының қағидаты бойынша пилоттық режимде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1) бала тууды тіркеу;
2) қайтыс болуды тіркеу;
3) 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу.
Құжаттарды қабылдау Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 72 мекен-жайында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының – Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің № 2 бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі – 3 сағаттан артық емес. Дүйсенбіден жұмаға дейін сағ. 17.00-ден кейін немесе сенбі күні қызмет алушыдан Орталықпен қабылданған өтініштер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету келесі жұмыс күні Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған реформалардың мақсаты халыққа қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қызмет алу мерзімін қысқарту болды.
Бүгінгі күні пилоттық жоба шегінде 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: тууды тіркеу – 3 қызмет, неке бұзуды тіркеу – 12 қызмет, қайтыс болуды тіркеу – 10 қызмет.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі