-A A +A

Ауыл тұрғындарын қоғамдық қабылдау өткізілді

Жамбыл облысы Әділет департаменті сот орындаушылардың және адвокаттың қатысуымен Үшарал ауылына шығу ұйымдастырып, Талас ауданының тұрғындарын қоғамдық қабылдау өткізді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету.
Азаматтарға жүгінген сұрақтары негізінде жылжымайтын мүлікті,  заңды тұлғаларды тіркеу, алимент өндіру, мұрагерлік істер, дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі және дауларды соттан тыс реттеу әдістері бойынша қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, акция барысында азаматтарға Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту бағытында дайындалған меншік құқығын тіркеу, медиация, даулы мәселелерді шешу бойынша жадынамалар таратылды.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі