-A A +A

Ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді

2017 жылдың 10 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаментінің Шу аудандық Әділет басқармасымен Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі, нотариус, адвокат, жеке сот орындаушының қатысуымен Бірлікүстем ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Іс-шара мақсаты – тұрғындарға «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі» ҚР Заңы аясында кеңес беру, туындайтын мәселеріне тиісті заң көмегі беру.
Кездесуде 15 азаматтарға кеңес берілді. Іс-шара барысында сұрақтар көбінесе жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу, мұраға қабылдау, алимент және т.б. салалары бойынша біршама сұрақтар қойылды. Сұрақтар барысында ауыл тұрғындарына тиісті жауаптар берілді.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі