-A A +A

«Аудио-бейне, соның ішінде Интернет желісіндегі шығармалардың авторлары мен құқық иеленушілерінің құқықтарын қорғау» тақырыбындағы дөңгелек столдың қорытындылары бойынша баспасөз-релиз

2017 жылғы 24 шілдеде Wyndham Garden Astana мейманханасының Фестивальдық орталығының Алатау Холлында «Еуразия» халықаралық кинофестиваль аясында «Аудио-бейне, соның ішінде Интернет желісіндегі шығармалардың авторлары мен құқық иеленушілерінің құқықтарын қорғау» тақырыбындағы дөңгелек стол өтті. Онда шығармашыл интеллегенцияның 40 астам өкілдері - ұлттық және шетелдік режиссерлер, аудио-бейне шығармаларды өндірушілер, авторлар мен құқық иеленушілердің, соның ішінде мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқару ұйымдарының, кинематографтар одағының, интернет-ассоциациялардың өкілдері, сондай-ақ Жоғарғы Сот, әділет, мәдениет және спорт, ақпарат және коммуникациялар, ішкі істер министрліктері сияқты мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері жиналды.
  
 
Дөңгелек столды кіріспе сөзімен кинорежиссер, сценарист, продюсер, «Еуразия» ХКФ Арт-директоры Нугманов Рашид Мусаевич ашты. Өзінің сөзінде Рашид Нугманов осы іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, сонымен бірге Интернет желісінде авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау мәселесіне тоқтады. Ол шет елдердің тәжірибесімен бөлісті.
Кейін сөз шетелдік қонақтар - Loco Films (Франция) сату жөніндегі агент, продюсер Лоран Данильге және AgitProgFilm (Франция) бас директоры Аурели Гомеске берілді, олар зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі тәжірибелерімен алмасты. Қонақтардың сөйлеген сөздеріне сүйенсек, оларда да Интернет желісінде авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауда осындай мәселелер бар екені айтылды.
Арман кино желісінің директоры Бауржан Шукенов, осы дөңгелек стол Әділет министрлігі мемлекеттік органдар мен кинематография өкілдері арасында ұйымдастырған диалогтің логикалық жалғасы болып табылатынын атап өтті. Сонымен бірге ол осы іс-шара «Еуразия» кинофестивалі аясында өтіп отырғанын атап өтті.
Қазақстанның Интернет ассоциациясының төрағасы Шавкат Сабиров та қазақстандық сайттардың контентін «қарақшылық» аудио-бейне өніммен толықтыру бөлігінде авторлық құқықтарды қорғау мәселесін қозғады.
Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары Рахимов Ермек Анатольевичтің Министрліктің кинематография мәселелері бойынша жүргізілген және жоспарланып отырған баяндамасы тыңдалды. Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департменті директорының міндетін атқарушы Какен Гульнара Каратаевна өзінің баяндамасында Қазақстанның ұлттық заңнамасы зияткерлік меншік саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес келетінін айтты, авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын бұзған үшін жауапкершілік ұлттық заңнамада көзделген. Олардың құқықтарын қорғау тәсілін айтып көрсетті.
Барлық спикерлердің баяндамаларынан кейін дөңгелек столға қатысушылар өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.
Соңында дөңгелек столдың модераторы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Заң департаментінің директоры Сеитова Күміс Қарсақпайқызы қатысушыларға дөңгелек стол жұмысына белсенділікпен қатысқан үшін алғыс білдірді.