-A A +A

«Атқарушылық жазба» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Әділет департаменті нотариустардың, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың, акционерлік қоғамдардың және тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсететін өкілдердің қатысуымен «Атқарушылық жазба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Өз баяндамасында Әділет департаментінің жеке сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айнур Исабекова атқарушылық жазбалардың жасалуы мен орындалуын мемлекеттік бақылау және қадағалау ерекшеліктеріне тоқталды.
Сондай-ақ, нотариалдық округінің нотариусы Ерназарова Улжарқын нотариустармен атқарушылық жазбалар жасау тәртібіне тоқталып, атқарушылық жазба-даусыз талаптардың жедел әрі тиімді шешілуін қамтамасыз ететін айырықша құқықтық құралдарының бірі екендігін атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушылар осы институттың азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға, соның ішінде тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындарға құқықтық мәселелерді шешуде қолайлы жағдай туғызатын өзге де басым бағыттарын талқыланды.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі