-A A +A

Астанада әділет органдарының қызметкерлері арасында мини-футбол бойынша турнир өтті

Астанада Әділет министрлігінің қызметкерлері арасында мини-футбол бойынша жыл сайынғы турнир өтті. Жарыстар мемлекеттік қызметші Күніне орай ұштастырылған.

Жарысқа сегіз команда қатысты. Олар Әділет министрлігінің барлық дерлік бөлімдерінің қызметкерлері болып табылады. Ымырасыз күрес нәтижесінде үш үздік спорттық команда анықталды.

Нәтижесінде, сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті және сот актілерін орындау департаментінің құрамасы бірінші орынға, мемлекеттің меншік құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері күміске, ал кадрлық қызмет департаменті қола жүлдеге ие болды.  

Жеңімпаз бен жүлдегерлерге мемлекеттік қызметші Күніне арналған салтанатты іс-шара кезінде кубоктар мен грамоталар табыс етіледі. 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Баспасөз қызметі