-A A +A

Астана қаласының Әділет департаменті жанындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесі отырысы

2017 жылы 16 мамырда Астана қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі Астана қаласы мемлекеттік органдары әкімдігі мен мәслихатының заң қызметтерінің қатысуымен Әділет департаменті басшысының орынбасары Махат Ә.М. төрағалығымен Астана қаласының Әділет департаменті жанындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесі отырысы ұйымдастырылып өткізілді.
Отырыста 2016 жылы және 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша Әділет департаментімен өткізілген қосымша құқықтық мониторингінің қорытындылары қарастырылды, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу,тіркеу және оларды күшін жойған деп тану сұрақтары талқыланды.
Отырыстың нәтижелері бойынша төрағалық етушімен жергілікті мемлекеттік органдармен құқықтық мониторинг жүргізу және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласында жұмыстың сапасын көтеру мақсатында ұсыныстар берілді.
 
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі