-A A +A

Астана қаласына Комиссар мырза Шын Чаню басшылығымен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік зияткерлік меншік ведомство делегациясының сапары

2017 жылдың 10-12 қыркүйегінде Астана қаласына Комиссар мырза Шын Чаню басшылығымен Қытай Халық Республикасының (SIPO) Мемлекеттік зияткерлік меншік ведомствосының делегациясы жұмыс сапарымен келеді. Сапар аясында 10 қыркүйекте SIPO, ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК арасында меморандумға қол қойылады.
Меморандум аясында ҚХР Патенттік ведомствосында зияткерлік меншік саласындағы қазақстандық сарапшыларды оқыту, сараптама саласындағы тәжірибе алмасу және сараптама нәтижелерін өзара тану туралы мәселені зерделеу мүмкіндігін қоса алғанда, зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету, атап айтқанда бірлескен семинарлар немесе дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы зияткерлік меншік құқықтарын алу, пайдалану және қорғау саласындағы алмасуды кеңейту және ынтымақтастық жоспарлануда.
Өткізілетін орны: Қорғалжын тас жолы, 3B ғимараты.
Өткізілетін күні және уақыты: 2017 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 10.30.
Байланысушы тұлға: Асем, 8-702-162-93-03