-A A +A

«Ашық есік күні» өткізілді

2017 жылдың 16 мамырында құқықтық түсіндіру жыне халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен, Астана қаласы Әділет депаратментінің ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған шара Астана қаласы Нотариаттық палатасының және Адвокаттар алқасының қолдауымен өткізілді.
Іс шараның негізгі мақсаты азаматтарға тегін заң кеңесін беру болып табылады.
Осы күні әр азамат адвокат және нотариустан тегін құқықтық кеңес ала алды. Тегін заң кеңесіне шамамен 10-ға жуық азамат жазылды.
Іс шараның қорытындысы бойынша, қатысушылар өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдарына нақты жауап алды.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі