-A A +A

АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

Ағымдағы жылғы 14 қыркүйек күні сағат 17.30-да Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Отырыс барысында 3 заң жобасының тұжырымдамасы қарастырылады:
-​ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және оған ілеспе Заң жобасы (әзірлеуші – Әділетмині);
-​ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҰЭМ);
-​ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ИДМ).
 
Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.
Журналистерді тіркеу 2017 жылғы 14 қыркүйек сағат 12.00-ге дейін pressgov@mail.ru. поштасы арқылы жүргізіледі. Тел: 74-06-01, 74-06-02
 
 
 
Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91