-A A +A

АНОНС "Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы"

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде сағат 11:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі.
Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Отырыста мынадай заң жобаларының тұжырымдамалары қарастырылады:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ҚР Парламенті депутаттарының бастамасымен қарастыру (ҚР Парламенті бір топ депутаттарының бастамашылары);
2. Заң жобаларының тұжырымдамаларын қарастыру:
2.1 «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» және оған байланысты заң жобасын (әзірлеуші ​​- МСМ);  
2.2 «Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші - ЕХӘҚМ).
Журналистерді тіркеу pressgov@mail.ru электрондық пошта арқылы 2017 жылдың 8 тамызында сағат 10:00 дейін жүргізіледі.
Өткізу орны: Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, 1056 кабинет.
 
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91