-A A +A

Анонс. "Шапағат" республикалық форумын қорытындылау

10 қарашада сағат 12:00 Назарбаев Университетінде «Шапағат» Республикалық Сайысының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі.
Іс-шараны ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Назарбаев Университетімен бірлесіп ұйымдастырады.
Жеңімпаздар 3 республикалық сайыстың қорытындысы бойынша анықталды: «Шапағат» өнертапқыштары онлайн-сайысы; көлік саласындағы мектеп оқушылары арасындағы сайыс пен «Болашақ сенің қолыңда: ойлап шығар және жаса!» үздік эссе үшін оқушылар арасындағы сайыс.
 
Өткізілетін орны: Астана қ., Тұран к.,64/1, Назарбаев Университеті, «Ball Room» залы, С2 корпус. 
Журналистер 2017 жылдың 9 қарашасында сағат 18.00-ден кешіктірмей тіркеледі.
 
ҚР Әділет министрлігінің
Баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91