-A A +A

Анонс. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов астаналық мәйітхананың жай-күйін тексереді

12 шілде сағат 10.00-де Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Сот сараптамасы орталығының сот медициналық сараптамалар бойынша астаналық филиалына барады.   
Мақсаты – мекеменің қызметімен, оның материалдық-техникалық жай-күйімен және сот сарапшылардың күнделікті жұмысымен танысу.
Депутатты сот медицина саласының өзекті мәселелерімен Әділет министрлігінің өкілдері таныстырады.
Депутат Магеррам Магеррамов астаналық сот сарапшыларының қызметі туралы өз пікірімен бөліспек.
Журналистерді тіркеу 11 шілде сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі. Барлық мәселелер бойынша Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласуға болады.
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02
pressgov@mail.ru