-A A +A

Анонс. Қоғамдық және ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарын құқықтық мониторингке тарту мәселелерін талқылау бойынша кездесу

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауында Қазақстан Республикасының заңнамасын жаңа ақиқаттарға бейімдеу қажеттілігі туралы атап көрсетілген.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасына сәйкес заңнаманың жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесін ұсынатын құқықтық мониторинг жүргізу қарастырылады.
Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тартуға құқығы бар. (Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңындағы 50 баптың 3 тармағы )
Осыған орай, 2017 жылдың 14 сәуірінде сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Заңнама иснтитутымен бірлесіп қоғамдық және ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарын құқықтық мониторингке тарту мәселелеріне арналған кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Жиналыс барысында қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, ғалым-заңгерлер және практиктер қатысады.
Пікірталаста заң шығарушылық қызметтегі құқықтық мониторингтің маңызын, және де қолданыстағы заңнаманы қолдануда тек қана мемлекеттік органдар емес, азаматтар, заңды тұлғалар да кездестіретін мәселелерді талқылау жоспарланады.
Аталған кездесуге қатысуға тілек білдірген өкілдер келесі байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады: 8(7172) 74-14-87, 74-14-55, 74-14-85
 
Өткізу орны: Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 6 қабат, 669.
Журналистерді тіркеу 13 сәуір сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91
pressgov@mail.ru