-A A +A

Анонс. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді

2017 жылғы 10 ақпанда сағат 14.00-да «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
Алқа отырысында Конституциялық Кеңестің Төрағасы, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Онда Әділет министрі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған негізгі міндеттерге тоқталады.
Кездесу барысында ведомства өкілдері 2016 жылғы жұмысты қорытындылап, 2017 жылдың басым міндеттерін айқындайды. Әділет министрінің орынбасарлары, Жауапты хатшы ведомствоның жетекшілік ететін бағыттары бойынша баяндама жасайды.
Кеңейтілген алқа отырысы Министрліктің «adilet.gov.kz» ресми сайтында және «Bnews» ақпараттық порталында онлайн режимде таратылатын болады.
Журналистерді тіркеу 9 ақпан сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі. Барлық мәселелер бойынша Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласуды сұраймыз.
 
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02
pressgov@mail.ru