-A A +A

АНОНС

ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығы 2017 жылдың 13 желтоқсанында Ақтөбе қ. «Шығыс – Батыс: сот сараптамасындағы әріптестік. Сот сараптамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл конференция сот-медициналық сараптамасының 65-жылдығына және Сот сараптамасы орталығы құрылуының 20-жылдығына орайластырылып отыр.
Конференцияның жұмысына ҚР Әділет министрлігінің басшылығы, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның, ШЫҰ мүше мемлекеттердің, ШЫҰ бақылаушы және диалог бойынша әріптес мемлекеттердің сот-сараптамасы мекемелерінің басшылары мен жетекші сарапшылары, сондай-ақ бірқатар шет елдердің белгілі ғалымдары қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамасы қызметін әрі қарай жетілдірудің өзекті мәселелерін, жеке сот-сараптамасының жүйесін дамыту және ЕАЭО, ШЫҰ мемлекеттерінің сот-сараптамалық мекемелерінің, басқа да шетел сарапшыларымен тығыз ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылау, сонымен қатар өңірлік және ұлтаралық өзара әрекеттестікті нығайту және сот сараптамасының алдыңғы қатарлы идеяларын ілгерілету болып табылады.
Сондай-ақ, конференция барысында сот-сараптамасы қызметінің құқықтық және ұйымдаструшылық аспектілері бойынша шетелдік тәжірибені егжей-тегжейлі зерделеу және бірлескен тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.
«Шығыс–Батыс: сот сараптамасындағы әріптестік. Сот сараптамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 10 жылдан аса уақыттан бері үйлестіру механизмдері мен әрекет ету стратегиясын, сот сараптамасы саласындағы ақпараттық алмасу мен жемісті ынтымақтасуды талқылау мен әзірлеудің әмбебап алаңына айналған.
 
Өткізу орны: Ақтөбе қ.
Ұйымдастырушылық мәселелері мен
БАҚ мәселелері бойынша байланыс деректері:
Амантаева Самал 8/7172/ 54-09-74