-A A +A

Алименттерді өндіріп алу бойынша атқару өндірісінде медиацияны қолдану

2011 жылдан бастап Қазақстанда тараптардың өзара келісуі бойынша дауларды шешуге бағытталған «Медиация туралы» Заңы әрекет етеді.
Қазіргі уақытта бұл алаң тараптар арасында туындайтын дауларды шешу мақсатында атқару өндірісінде белсенді қолданылады.
2017 жылдың қазан айында Ақмола облысында медиация аясында алименттерді өндіріп алу бойынша кәмелетке толмаған балалардың пайдасына үш атқару өндірісі тоқтатылды.
Мәселен, алимент өндірісі бойынша қарыз алушы К. аз., өндіріп алушыға алименттерді төлеу есебіне Көкшетаудағы бір бөлмелі пәтерді берді. К. аз. алимент төлеу бойынша қарызы 1 миллионнан астам теңгені құрады. Өз кезегінде, өндіріп алушы борышкерге қарсы әрі қарай талаптар қоюдан бас тартты.
Макинск қ. тұрғындары Л. және М., бұрынғы ерлі-зайыптылармен алименттік төлемдерді төлеу есебіне белгіленген айлық соманы анықтайтын медиаторлық келісімдер жасасты.
Медиаторлық келісімдер азаматтардың борышкерлер тізілімінен шығарылуына мүмкіндік берді, олардан елден шығуға шектеулер және тиесілі мүліктік құқықтарға және екінші деңгейлі банктердегі шоттарға тыйым салу алып тасталынды.
Бұл факторлар, сөзсіз, медиаторлық келісімді жасасудың негізгі, итермелеуіш тараптары болып табылады.
 
Ақмола облысы Әділет департаментінің
атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасы