-A A +A

Ақтөбе облысының Әділет департаменті "Ашық есік күні" акциясын өткізді

 
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтарға кеңес және тегін заң көмегін көрсету мақсатында, Ақтөбе қалалық  Әділет басқармасы мен Ақтөбе облысы Әділет департаменті бірлесе а.ж. 11 мамыр күні  «Ашық есік күні» атты акциясын өткізді.
Осы акцияға жекеше нотариус, адвокат, сот орындаушылар, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікқұқығы және заңды тұлғалар саласында Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.
Кеңес алу үшін шамамен 15-ке  жуық азаматтар жүгініп, оларға құқықтық көмек көрсетілді. Ақтөбе қаласының тұрғындары атқарушылық іс жүргізу; жылжымайтын мүлік құқығының мемлекеттік тіркеуі туралы; азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді;  алимент өндіріп алу саласында және азаматтарды толғандырып жүрген күнделікті өмірдегі көптеген басқа да сұрақтар қойылды.
Акция барысында азаматтарға «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы»,  «Дүниежүзілік банк Doing Business» және «Жылжымайтын мүлікті қалай тіркеуге болады?» ақпараттық кітапшалар таратылды.
Акция соңында азаматтар мемлекеттік органдардың өкілдеріне өзекті сұрақтарын шешуге көмек бергені үшін алғыстарын білдірді.
 
 Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 
баспасөз қызметі