-A A +A

«Aktau Petrol Ticaret A.S.» түрік компаниясының Қазақстан Республикасына қатысты талабы бойынша шешім шығарылды

2015 жылы Aktau Petrol Ticaret A.S. (Aktau Petrol) мен Som Petrol A.S. түрік компаниялары 1992 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы өзара жәрдемдесу және инвестицияларды қорғау келісімшарты және 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық Хартияға Шарт шеңберінде Қазақстан Республикасына қарсы төрелік талапты Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа (ИДРХО) берді.
Түрік талапкерлері өзінің Қазақстандағы еншілес компаниялары арқылы Ақтау портында мұнай өнімдерін сақтауға байланысты қызмет көрсетумен айналысты.
Талапкерлер мемлекеттік және сот органдардың әрекеттері нәтижесінде пайда болған зақымды өтеуге талап етті. Төрелік дау Aktau Petrol және оған байланысты заңды тұлғаларға қатысты қазақстандық жеке компаниялары бастаған компанияларда қатысу үлесі мен теміржол вагон-цистерналарға қатысты сот процестерінің негізінде пайда болды. Талап еткен сома шамамен 150 млн.АҚШ долларын құрады.
Алғашқы кезеңде атқарылған жұмыс нәтижесінде талап сомасын 80 млн.АҚШ долларына түсіруге мүмкін болды. Som Petrol A.S. Республикаға қарсы талаптардан бас тартты.
Басты тыңдалымдар 2017 жылғы наурыз және сәуір айларында Париж қаласында өтті.
2017 жылғы 13 қарашада 3 арбитрдан тұратын Трибунал төрелік шешім шығарды.
Трибунал Aktau Petrol–дың Қазақстан Республикасы сот органдарының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар туралы барлық дәлелдерді қабылдамады.
Сонымен қатар, Aktau Petrol-дың барлық ұйғарылған соманың 5% құрайтын «істің сәтті шешілуі үшін сыйақы төлеу» туралы өтініші қабылданбады.
Төрелік сот Aktau Petrol-ға іс жүзінде жасаған инвестициялар көлемін құрайтын 22,7 соманы төлеуді ұйғарды. Аталған сома алғашқы талап еткен соманың 15% құрайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітілген тәртіпте төрелік шешімде орын алған Трибунал қорытындыларын қарастыруда.