-A A +A

Ақпараттық хабарлама. Адвокаттардың «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын әзірлеуге қатысуы

Адвокатура институтын реформалауды іске асыру басталғаннан бастап 100-ден астам ресми іс-шара өткізілді. Оған адвокаттар алқасының өкілдері міндетті түрде қатысты.
2017 жылғы 28 сәуірде ҚР Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы мен өкілдерінің қатысуымен «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту мен реформалау» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. Отырыста нотариаттық және адвокаттық қызмет саласында ұлттық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланып, халықаралық тәжірибе алмасу болды.
2017 жылғы 29 мамырда Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында Үкімет сағаты барысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту мен реформалау»тақырыбында сөз сөйледі.
Отырысқа адвокат қоғамдастықтарының өкілдері де қатысты. Атап айтқанда, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы А.Түгелге депутаттар алдында сөз сөйлеп, олардың сұрақтарына жауап беру мүмкіндігі ұсынылды.
2017 жылғы 5 маусымда «Tengrinews» ақпараттық агенттігінің сайтында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың «Станут ли услуги адвокатов доступнее для казахстанцев?» атты сұхбаты жарық көрді.
2017 жылғы 8 тамызда ҚР Әділет министрінің бұйрығымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобына адвокат қоғамдастықтарының өкілдері енгізілді.
2017 жылғы шілде-тамыз айларында «Заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдамалары әзірленді.
2017 жылғы 23 тамызда Заң жобаларының тұжырымдамалары тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды.
2017 жылғы 23 тамызда Заң жобаларының тұжырымдамалары «Ашық НҚА» нормативтік құқықтық актілер ашық интернет порталында және Әділет министрлігінің сайтында жария талқылау үшін орналастырылды.
2017 жылғы 7-13 қыркүйекте аумақтық әділет органдарының, адвокат қоғамдастықтары мен жеке тәжірибедегі заңгерлердің қатысуымен Заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс топтары өткізілді.
2017 жылғы 14 қыркүйекте Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді, онда мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес қоғамдастықтың және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында «Заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдамалары қаралды.
Бұл ретте, Адвокаттар алқасы төрағасының өтініші бойынша ВАК отырысы адвокаттар алқасы қоғамдастығымен талқылау үшін бір аптаға кейін қалдырылғанын атап өту қажет.
2017 жылғы 15 қыркүйекте Ақтау қаласында орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С.Атағазиеваның, Маңғыстау облысы әділет департаментінің басшысы Р.Б.Балғазиннің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.
2017 жылғы 20 қыркүйекте Заң жобалары «Ашық НҚА» нормативтік құқықтық актілер ашық интернет порталында және Әділет министрлігінің сайтында жария талқылау үшін орналастырылды.
2017 жылғы 28 қыркүйекте ҚР Әділет министрлігінде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық кеңес өткізілді.
 
Ағымдағы жылғы қыркүйек айында аумақтық әділет органдары адвокат және нотариат қоғамдастықтары өкілдерінің қатысуымен 55 дөңгелек стол өткізді.
Бүгінгі күні Заң жобалары уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу сатысында.