-A A +A

Ақпараттық хабарлама

Бүгін сағат 13.00-де Әділет министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандарының бірлескен жұмысынан кейін «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер базасының электронды сервисі іске қосылды.
«Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер базасының жұмысындағы ақаудың себебін анықтау үшін Әділет министрлігінің, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия жасақталды. Бірлескен зерттеудің қорытындысы туралы қосымша хабарланатын болады.
«Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер базасының жүйесіндегі ақаулық аталған электрондық ресурстың қалыптасқан кезінен бері он жыл ішінде алғаш рет орын алып отырғанын атап өткен жөн. Бұл жүйе осы уақытта дейін ешқандай ақаусыз жұмыс жасаған.
Айталық, 2016 жылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында 10 миллионға жуық (9 913 787) қызмет көрсетілді. Дегенмен, әділет органдарына жеке және заңды тұлғалардан 83 шағым келіп түсті, олардың 7-еуі ғана негізді болып табылды.
Әділет министрлігі азаматтардан электрондық сервис жұмысының уақытша тоқтатылуына байланысты туындаған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.