-A A +A

Ақмолада меморандумға қол қойылды

Ағымдағы жылғы 17 наурызда Ақмола облысы Әділет департаментініңбасшысы - Ақмола облыстық «Заңгерлер одағы» РҚБ филиалының төрағасы А. ДермановскийМемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Е. Хасенов, Ішкі істер департаментінің бастығы Е.Саденов және кәсіпкерлер Палатасы директорының м.а.Ф.Герфанова Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бойынша өзара іс-қимыл көрсеткіштерін жақсарту және өзара ынтымақтастық жасасу бойынша Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісін жақсарту бойынша бірлескен және келісілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады.
Меморандум шеңберінде өзекті мәселелерді шешу, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингтегі позициясын жақсарту бойынша ақпаратпен алмасу бойынша бірлескен кеңестер, консультациялық кездесулер өткізу жоспарланған.
 
Ақмола облысы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі