-A A +A

Ақмола облысында медиация жөнінде дөңгелек үстел өтті

2017 жылғы 8 тамызда Ақмола облысы Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі және «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-нің өкілдерімен бірлесе отырып, Қазақстандағы медиация институтын дамыту және медиация саласында көпжақты ынтымақтастық орнату мақсатында «Медиация- әлеуметтік-еңбек, жанжалдарды реттеу және алдын-алу құралы ретінде» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында «Заң көмегі туралы» ҚР заңжобасы талқыланды, сонымен қатар, Әділет департаменті, облыс әкімдігімен, Адовакаттар алқасы, Нотариалдық палата және «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-і өкілдерімен сотқа дейінгі және соттан тыс жанжалдарды «дауларды» реттеу институтын белсенді енгізу және жан-жақты қарым-қатынасы, медиаторлар жүйесін дамыту масатында өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойды.
Аталған іс-шараның мақсаты - мемлекеттік органдар мен әлеуметтік серіктестіктердің еңбек қатынасы мен халыққа құқықтық көмек көрсету саласында тиімді қарым- қатынас болып табылады.
Ақмола облысы
Әділет департаменті