-A A +A

Ақмола облысы Әділет департаменті «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Әділет департаменті «Гормолзавод»ЖШС -да «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Аталған шараның мақсаты – қызметкерлерді ҚР заңнамаларындағы өзгерістер туралы ақпараттандыру, көтерілген мәселелер бойынша кеңестік және кұқықтық көмек көрсету, ДЭФБҚЖИ рейтингісіндегі ұстанымды жақсарту, «Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы» заң жобасын жан-жақты түсіндіру болып табылады.
Акция барысында азаматтарға адвокаттық және нотариаттық қызыметтерімен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу және медиативтік келісім бойынша және даулар мәселелерін шешу бойынша жадынамалар табыс етілді. 
Шараға қатысушылар көрсетіліген құқықтық және әлеуметтік көмектері үшін алғыстарын білдірді.
 
Ақмола облысы
Әділет департаментінің баспасөз қызметі