-A A +A

Адвокаттық және нотариаттық қызметті реформалау мәселелері бойынша брифинг өткізілді

2017 жылдың 09 қазанында Алматы облысының Әділет департаментінің басшысы М.Қаныбеков, басшының орынбасары Н.Нұрпейісов Алматы облысының Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. 
Брифингтің мақсаты «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобаларының негізгі ережелеріне құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Брифинг барысында журналистер, адвокаттар, жеке тәжірибедегі заңгерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
 
Алматы облысының
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі