-A A +A

«Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасын түсіндіру бойынша брифинг

Ағымдағы жылдың 5 қазанында Астана қаласы Әділет департаменті басшысының м.а. Н.Арингазинов, басшы орынбасары Ә.Махат, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Д.Касенова Астана қаласы Әділет департаментінің мәжіліс залында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.       
Брифинг барысында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы түсіндірілді.
 
Заң жоба заң қызметтерінің қол жетімділігі мен оның сапасын арттыруды; адвокатура институтын нығайтуды, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарын арттыруды; адвокаттардың кәсіби қызметінің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу; заң қызметтерінің барлық кешенін реттеуді; азаматтардың жекелеген санаттарына заң қызметтерін ақысыз негізде көрсетуді көздейтін «pro bono» принциптерінде заң қызметтері институтын кеңейтуді қарастырады.
Әлемнің үздік тәжірибесін ескере отырып, заң жоба алдымен, халықты қолжетімді және сапалы заң көмегімен қамтамасыз етуге және адвокатура институтын, жетілдіруге бағытталғандығы туралы департамент өкілдері атап өтті.
 
Астана қаласы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі