-A A +A

Адвокаттармен кездесу өткізілді

Қазан айының 11 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Ерлан Дауылбаевтың төрағалық етуімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел басындағы кездесу өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысына Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшелері, Шығыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының төрағасы, жеке тәжірибелі заңгерлер, телевидиния және облыстық газет өкілдері қатысты.
Ерлан Дауылбаев бұл заң жобасының негізгі ұсынылып отырған жаңалықтары адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы заң жобасын біріңғай принципке жүйелеу және бекіту, заң көмегін pro bono (лат. "pro bono" - үшін қоғамдық игіліктер) негіздерінде көрсету туралы атап өтті. Кәсіби қауымдастықтың өз күшімен заң көмегін ұсыну саласын дамытатын, өзін-өзі реттейтін жүйе құру көзделуде. Заң көмегін көрсету субъектілері, заң көмегін көрсететін кәсіби заңгерлердің міндетті мүшелігі негізінде өзін-өзі реттейтін ұйымдар – Заң кеңесшілерінің палаталарына біріктіріледі.
Кездесуге қатысқан адвокаттар өз кезегінде, өзгерістер енгізілу қажеттілігін атап және жаңа заң жобасын қолдады.
Іс-шара қорытындысы бойынша Заң жобасын қолдау мақсатында департамент басшысымен, сондай-ақ адвокаттармен "31 арна" телекөрермендеріне және облыстық газет оқырмандарына сұхбат берілді.
 
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі