-A A +A

Зияткерлік меншік объектілерін, материалды емес активтердің құнын бағалау жөніндегі лицензияны қалай алуға болады?

Жауап: 

«Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1585 қаулысының 1,2-ші тарауларына сәйкес «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде лицензияны алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеке тұлға үшін – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне біліктілік талаптары туралы ақпарат қамтылған мәліметтердің нысаны;
6) зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі тағылымдамадан өту туралы қорытындының көшірмесі;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;
2) ЭҮТШ арқылы бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда, сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі;
3) зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі тағылымдамадан өту туралы қорытындының көшірмесі (сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі);
4) бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар (сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі);
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпарат қамтылған мәліметтердің нысаны.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет ақылы және (немесе) тегін түрде көрсетіледі:
- осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде 6 айлық есептік көрсеткіш.