-A A +A

Жылжымайтын мүліктің бары не жоғы туралы анықтаманы ХҚКО-нан кім алуға құқылы?

Жауап: 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкесжылжымайтын мүліктің нақты объектісі жөніндегі ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтары туралы жинақталған деректер, сондай-ақ мүлікті иеліктен шығару жөніндегі құжаттардың тiркеушi орган куәландырған көшірмелері құқық иесiнiң (уәкiлеттi өкiлдiң) сұрау салуы бойынша, iс жүргiзiлiп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк iстер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, iс жүргiзiлiп жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес салық және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердiң, тексеру жүргізу шеңберінде оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлі түрде таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қамқоршылық және қорғаншылық органдардың дәлелді сұрау салуы бойынша берiледi.