-A A +A

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері қандай?

Жауап: 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 354-3-бабына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы, - жеке тұлғаларға он, заңды тұлғалар үшін - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Айыппұл мөлшерін соттар, Кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілетті органдар тағайындайды.Осыған қосымша, Кодекстің 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.