Толық нұсқауға көшу
Ресми Интернет-ресурс
-A A +A

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын қалай алуға болады?

Жауап: 

«Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 244 бұйрығына сәйкес негізінде құқықтық кадастрда тіркеу жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатының немесе Куәліктің түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайда құқық белгілейтін құжатты немесе Куәлікті қалпына келтіруді тіркеуші орган тіркеу ісінде сақталған сол құжаттың көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізеді.Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші мыналарды ұсынуы тиіс:
1) Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің жоғалуына, бүлінуіне (бұзылуына) себеп болған жағдайларды көрсете отырып, құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын беру туралы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) құқық белгілейтін құжаттың немесе Күәліктің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған жылжымайтын мүлік объектісін тіркелген жері бойынша жергілікті немесе республикалық газеттің данасы.
Құқық белгілеуші құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініштен басқа өтініш беруші тіркеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке тұлға паспортын немесе өзге оны алмастыратын құжатын (жеке куәлігін, 16 жасқа толмаған азаматтың туу туралы куәлігін, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ықтияр хаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін) ұсынады;
2) заңды тұлға заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігін (жарғысының, ережесінің көшірмесін), сауда тізілімінен көшірмесін немесе осы субъект өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ немесе орыс тіліне нотариатты куәландырылған аудармасымен бірге басқа құжатын ұсынады.
3) құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын берген үшін алым төлегенін растайтын құжат (Салық кодексінің 456-б. сәйкес алым мөлшері – 0,25 АЕК).