-A A +A

Іс жүргізуге байланысты шығындарға не жатады?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 108-б. сәйкес іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға:
1) куәларға, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;
2) тиісті орында қарап-тексеруді жүргізуге байланысты шығыстар;
3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар;
4) жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру бойынша шығыстар;
5) іс бойынша жарияланым мен хабарландыруларға байланысты шығыстар;
6) тараптарға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға хабарлау және оларды сотқа шақыру бойынша шығыстар;
7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жол жүру және тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша, олардың сотқа келуіне байланысты жұмсаған шығыстары;
8) өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;
9) сот өтелуге жатады деп таныған, оның ішінде тараптардың кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рәсімдерінде жұмсаған басқа да шығыстары жатады.